$ 494.87  520.65  4.91

«Қалтаны ойлап кеттің»: әншілермен бірігіп ұтыс ұйымдастырғандардың Ахметбектің шәкірттері екені рас па? (ВИДЕО)

Шәкірттерінің жасаған тірлігіне көзі жетіп, дәлелдер толып тұрса да кәсіпкердің ұялатын сиқы байқалмайды.

Әншілерді құрығына түсіріп, халықтың ақшасын қанаған ұтыс ұйымдастырушылар кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың шәкірттері екені мәлім болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды. 

Ұтыс ойындарынан опық жеген халықтың қарасы аз емес. Әншілермен бірлесе отырып, лотерея ойындарын қомақты қаржыға ойнатқан алаяқтардың кім екені анықталды. "Бұл іске Ахметбек Нұрсиланың тікелей қатысы болуы мүмкін бе?" - деген сұраққа белгілі кәсіпкер өз жауабын беріп те үлгерді. 

"Сен Алашты емес ақшаны, халықты емес, қалтаны ойлап кеттің дедім де шығарып тастадым. Маған жасаған жаманшылығы жоқ. Бірақ, сөз де айтқан жоқ, қарсы да келмейді. Балам сияқты болды", - дейді кәсіпкер. 

Тағы оқи отырыңыз:

«Сендер – саяси ойыншысыңдар»: шетелдегі оппозиционер мен Ахметбек Нұрсила дебатқа шықты (ВИДЕО)

Оппозициялық партия құрмақ болған Ахметбек Нұрсиланы арнайы жасақ ұстап әкетті (ВИДЕО)

«Лохсыңдар, әдейі жасадым»: кәсіпкер халықты алдағанын мойындады (ВИДЕО)

Шәкірттерінің жасаған тірлігіне көзі жетіп, дәлелдер толып тұрса да кәсіпкердің ұялатын сиқы байқалмайды. "Олардың кәсіптеріне төрелік еткен мен емес", - деп басын ала қашты. 

"Егер де осы ойнатып жүрген адамдардың бәрінің үстінде мен тұратын болсам, бүкіл халықтың қарызы, қарғысы менің мойныма ілінсін", - деді Ахметбек Нұрсила. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары