Кеше әлеуметтік желілерде белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланы арнайы жасақ сарбаздарының ұстап әкеткен сәті түсірілген видео тараған болатын. Қазақстандық БАҚ оның ұсталғаны жөнінде жарыса жазысты. Алайда, оның қамауға алынғаны өтірік болып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін оппозициялық партия құрмақшы болып, елді елең еткізген кәсіпкердің айтуынша, ол "халықтың болашағы бар ма, жоқ па?" деп тексергісі келген екен.
"Біраз ағайын бұл хайпты не үшін жасайсың, халықтың сенімімен не үшін ойнайсың деп маған кішкене ренжуі де мүмкін. Оны мен түсіндіріп кетейін. Мен тексергім келді. Жалпы, халықтың болашағы бар ма, жоқ па? Негізі біраз адам "Ахметбек, бұл хайпты не үшін жасадың, адамдардың сенімімен ойнап не керек, елді дүрліктіріп?" деп ренжуі де мүмкін. Сондықтан мен "козёл-провакаторды" әдейі жасадым.
Егер сенбесеңіздер, мұндай нәрселерді бұған дейін талай рет жасағанмын", - деп өзінің бір жігітке көліктің кілтін табыстаған кезде залға жиналған бір топ адамға қарата: "Енді машина ұтып алмаған адамдар, көңілдерің түсіп қалды ма? Менің сендерге жаным ашиды, лохсыңдар" деп сөйлеген сәтінен видеоның үзіндісін көрсетіп, "эмоциясын жасыра алатын адаммын" деп мақтанды.
Сондай-ақ, Ержан Тұрғымбайдың ар-намысына тиетін ешқандай сөз айтпағанын мойындап, "Бұл алдын ала дайындалған спектакль болатын", - деп тағы да айды аспанға бір-ақ шығарды.
Айтпақшы, елді "тексергісі" келген Ахметбек Нұрсила осылай жасауды 5 жыл бойы күтіп, "қатты армандапты".
Тағы оқи отырыңыз: Оппозициялық партия құрмақ болған Ахметбек Нұрсиланы арнайы жасақ ұстап әкетті (ВИДЕО)
Естеріңізге сала кетсек, ол "ұсталар" алдында Италияда бой тасалап жүрген оппозиция өкілі Ержан Тұрғынбаймен дебатқа шығып, өзінің билікті қолына ала алатынын эмоцияға беріле отырып мәлімдеген болатын.