$ 494.87  520.65  4.91

«Рамазан айында керемет жаңалығым бар»: Жорабаева да «жігіт тапқанын» сүйіншіледі

«Маған және төрт қызғалдағыма қорған, қамқоршы болатын бағбан берген Аллаға сансыз шүкір», - дейді ол.

Танымал эстрада әншілерінің бірі Алтынай Жорабаева Instagram парақшасына өзінің «жігіт тапқанын» жазды. Желіге қасындағы ақ жейделі азаматтың денесін ғана көрсетіп, өзінің құшағы ақ раушанға толып отырған суретін жүктеген ол, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жалғыздық құдайға ғана жарасқан. Рамазан айында керемет жаңалығым бар. Адамның емес, Алланың қалауы болады. Маған және төрт қызғалдағыма қорған, қамқоршы болатын бағбан берген Аллаға сансыз шүкір. Әрине, мен әуелі ата-анамның ақ батасын, қыздарымның келісімін алдым. Енді осы қадамыма сіздердің, аяулы оқырмандарымның да ақ тілегін алсам деймін», - деп отыр әнші.

Сондай-ақ, «Бақытты адам басқаға да бақыт тілейді», - деп оқырмандарынан жылы лебіз қалаған ол, ертең тағы бір «жаңалығы» болатынын ескертіп қойды.

Екінші мәрте тұрмыс құрып жатқан көпбалалы анаға жұрт жақсы тілектерін айтып, келесі жаңалығын айтқанша тағат таппайтындарын да аңғартты.

Тағы оқи отырыңыз: «Күйеуіңіз мұсылман болды ғой...»: Мөлдір Әуелбекова екінші рет тұрмыс құрып отыр

Айта кетсек, Алтынай Жорабаеваны 4 қызымен қоя берген белгілі актер Сәбит Әбдіхалықов былтыр өзінен 16 жас кіші әріптесі Динара Абдуллинаға үйленіп алған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары