Әнші Серікбол Сайлаубек "Бір болайық" бағдарламасында әншілерді "шегірткеге" теңеген белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсилаға қарымта жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сахнада ән айтып, би билеп халықтың қошеметіне бөленіп жүрген әншінің пайымдауынша, кәсіпкердің мұндай әрекет жасап, әншілерді келеке қылуы ұят екен. Ол Ахметбек Нұрсиланың ауызбіршілікке шақырып, қателігін бетіне басты.
"Өздеріңіз естіген шығарсыздар. Қазір шегіртке деген атаққа ие болдық. Әрине, күлкілі нәрсе. Сәтіп келіп тұрғанда айтайын. Енді шегіртке дегенді айтқан ағамызға Алла Тағала екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Өмір жасын ұзақ қылсын. Ондай жасқа келгеннен кейін мына өнерде жас буындар бар, сондықтан да осындай ағамызға айтарым, қолдан келгенше мейірімді болған дұрыс шығар!? Өйткені бата беретін жасқа келгеннен кейін, эфирге келіп шегіртке, "анау-мынау" дегеннен гөрі, бос сөз айтқанша, біз бір-бірімізді мақтаған, құрметтеген кезде ғана тәуелсіздігіміз, егемендігіміз ақталады.
Тәуелсіздік, егеменді ел деген не - ол әрине, ауызбіршілік! Бірлігіміз ажырамасын! Бір-бірімізді мазақтамайық, қолдан келгенше керісінше, көтеріп жүрейік! Өйткені,аз-ақпыз, бірақ, әлемге ғажаппыз. Сондықтанда ғажап болып жүре берейік!", - деді үлкен кісіге інілік кішіпейілділік танытқан әнші.
Тағы оқи отырыңыз: «Шетінен «шегірткелер»: Ахметбек Нұрсила инстажұлдыздардың халықты топастандырғаннан басқа пайдасы жоқтығын айтты (ВИДЕО)
«Қазір шегірткелер көп қой»: Ахметбек Нұрсила Ернар Айдарды танымайтынын айтты
Ахметбек Нұрсиланың сөзін рэпке айналдырған «Шегіртке» видеосының авторы белгілі болды
Сондай-ақ ол карантинде отбасымен бірге көбірек уақыт өткізіп, балаларының сабағына қарайласқанын айтты.