Мәдениет & Шоубиз 26.05.2020 сағат 11:20

«Қысым көрсетуді қашан қоясыңдар осы?!»: Нұрлан Еспановтың бойдақ ұлы мінсіз әйел болудың 10 жолын ұсынды

Алланың разылығын күйеуіңіздің разылығынан табасыз.
«Қысым көрсетуді қашан қоясыңдар осы?!»: Нұрлан Еспановтың бойдақ ұлы мінсіз әйел болудың 10 жолын ұсынды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұрлан Еспановтың ұлы оқырмандарына мінсіз әйел болудың 10 жолын ұсынды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олжас Нұрланұлы Instagram-парақшасына мінсіз әйел болуға ұмтылғандарға арнап жазба қалдырып, 10 жолын жіпке тізіп берді. Ол өз ошағын тікпесе де, отбасылық өмірге аяқ басатын қыздарға бағыт-бағдар беруді ұйғарыпты. Байқағанымыз, ол соңғы кездері қыз-келіншектерге бағыт-бағдар беріп, махаббат тақырыбында сыр шертіп жүр.

24 жастағы бойдақ Олжастың кеңесін сіздерге ұсынамыз:

"Алланың разылығын тауып, жұбайының көңілінен шығып, жақсы ұрпақ тәрбиелеп өсіру – әрбір қыздың арманы. Ал ол үшін не істеу керек?

1. Жиі дұға етіңіз.

Құлшылық пен дұға – тек отбасында ғана емес, барлық ісіңізде береке мен сәттілікке алып баратын бірден бір жол. Иманы берік адамға шайтан жолай алмайды. Ал шайтанның ең сүйікті ісі – ерлі-зайыптыларды ұрыстыру екені белгілі.

2. Күйеуіңізді сыйлаңыз.

Алланың разылығын күйеуіңіздің разылығынан табасыз. Ер адамға қарсы шығып, оны төмендетіп, еркектік намысына тиіп отбасылық бақытқа ешқашан жете алмайсыз.

3. Күйеуіңізге қолдау көрсете біліңіз.

Кез келген мәселеде жар ғана емес, арқа сүйер сырлас досы, ақылшысы әрі жанашыры болыңыз.

4. Әдемі болып жүріңіз.

Өз-өзіңізге көңіл бөліп, әйелге тән нәзіктігіңіз бен сұлулығыңызды жоғалтып алмаңыз.

5. Шүкіршілік етіңіз.

Ерінің тапқан табысына үнемі көңілі толмай, «жоқты» айта беретін әйелді еркек ұнатпайды. Сондықтан Алланың берген ризық-несібесіне шүкіршілк етіп, қолдағы барды қанағат тұтыңыз.

6. Күлімдеп жүріңіз.

Әрқашан күлімдеп жүруге тырысыңыз. Әсіресе жарыңыз жұмыстан шаршап келгенде жылы жүзбен қарсы алыңыз.

7. Үй шаруасына ұқыпты болыңыз.

Таза үй, дәмді ас пен тап-тұйнақтай балалар үйдің берекесін кіргізеді.

8. Ашуға жол бермеңіз.

Түсіністік пен реніш туа қалса, сабырлылық танытып, ашуыңызды ақылға жеңе біліңіз.

9. Кешірімді болыңыз.

Болмашы нәрсеге ренжіп, оны айлап, жылдап ішіңізде «жинап» жүрмеңіз. Болған нәрсені тез ұмытып, оңай кешіре біліңіз.

10. Қайынжұртыңызбен тату болыңыз.

Кейбір отбасылардағы ұрыс-керіс дәл осы «менің анам, сенің анаң» дегеннен туындайды. Сондықтан ата-енеңізді, аға, әпкелеріңізді барынша сыйлап, олармен жақсы қарым-қатынаста болыңыз".

Желі қолданушылары жас жігіттің кеңестеріне құлақ асып, құптаған ниетте пікір қалдырып жатыр. 

"Әйелдің қандай болу керектігін осы жігіттер көп біледі, бірақ сондай жардың жанында өздерін қалай ұстау керектігін ескермейді", "Пайдалы ақпаратыңызға рахмет", "Дұрыс айтылған сөз екен", "Маған керек кеңес екен", "Осылай жазғаныңыз негізгі жақсы, қыздарды ағасы ретінде қисық жерін жөндеп тұру - нағыз ер адамның ісі", "Әйелдер ешкімге ешнәрсе қарыз емес. Ал "Ана болуды", біреуге құл яки "Келін" болуды барлық әйелдер армандамайды. Бес саусақ бірдей емес - демекші, танымайтын адамдарға репродуктивті қысым көрсетуді қашан қоясыңдар осы?!", - деп жазды олар.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар