$ 495.2  522.34  4.94

Марат Омаров некесіз немересіне әлі күнге дейін тегін бермей жүр (ВИДЕО)

Атақты сазгер Марат Омаров некесіз немересін мойындағанымен әлі күнге дейін өз тегін бермеген көрінеді.
Фото: instagram/zarina_omarova_official
Фото: instagram/zarina_omarova_official

Атақты сазгер Марат Омаров некесіз немересін мойындағанымен әлі күнге дейін өз тегін бермеген көрінеді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат парталы  хабарлайды Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Күні кеше инстаграм әлеуметтік желісінде Зарина Омарова інісі Азамат Омаров пен қызы Көзайымның суретін жүктеп жазба қалдырған болатын.

"Карантиннің әсерінен біраз жұмыстарды кері шегеріп қойып едік . Енді міне бүгін бұйырыпты, атасымен папасы Көзайымға барып қайтты. Балапанмен жүздесіп, қуанып қалды".

Тағы оқи отырыңыз:

«Бізге сәби артықтық етпейді»: Марат Омаровтың некесіз немересі бар екендігі расталды (ВИДЕО)

«Марат Омаровпен төсектес болдым»: кісі өлтірген келіншек кінәсін мойындады

Дегенмен де Омаровтар әулеті кішкентай Көзайымға "Омарова" тегін бермеген көрінеді.

"Көзайымға әлі тегін жаздыртқан жоқпыз. Себебі карантин басталып кетті, оның үстіне үлкен әжеміз қайтыс болып, қайғылы жағдайлар орын алып кетті. Сол себепті шамалы кейінірекке қалдырдық. Бәрі жақсы болсын, бұйыртса жаздыртамыз", - деді Көзайымның анасы Камшат Таубай.

Естеріңізге салсақ, Азамат Омаров Түркістандық Кәмшат Таубай есімді қызбен көңіл қосып, Көзайым есімді қыздары өмірге келген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары