$ 445.66  474.58  4.78

«20 млн комментарий»: Нұрлан Қоянбаев интаграмда әлемдік рекорд жаңартпақшы

Әзілкеш әрбір отандасын кемінде 20 пікірден қалдырса, қажетті сан шығатынын түсіндірді.
Фото: Instagram/koyanbayevnurlan
Фото: Instagram/koyanbayevnurlan

Отандық танымал телепродюсер Нұрлан Қоянбаев Instagram желісінде жаңа әлемдік рекорд жаңартпақшы. Ол өз парақшасында мемлекеттік тудың суретін жүктеп, оның астында 20 миллион пікір жинамақ. Ол үшін белгілі әзілкеш барша қазақстандықтардың көмегіне жүгінді деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Нұрлан Қоянбаев мемлекеттік тудың астында 20 млн пікір жазылса, Instagram желісіндегі әлемдік рекорд жаңаратынын айтты. Әзілкеш әрбір отандасын кемінде 20 пікірден қалдырса, қажетті сан шығатынын түсіндірді.

Оның айтуынша, аталмыш желідегі рекорд әлі бес миллион пікір жазылған суретке тиесілі. Сол үшін Қоянбаев бұл рекордты қазақстандықтар болып жұмыла жаңартуға шақырды.

"Инстаграмда бір фото 5 млн комментарий жинап әлемдік рекорд орнатыпты. Достар,әлемдік рекордты жаңартып жібереміз ба? Әр қайсымыз 20 коменттен қалдырсақ,кем дегенде 20 млн комментарий жинаймыз. Осы фото, әлемдегі ең танымал фотоға айналсын! Кеттік. Биікте самғасын көк байрағымыз" , - деп жазды телепродюсер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары