29.06.2020, 10:00

Актер Азамат Сатыбалдының әкесі қайтыс болды

фото: alashinform.kz
Абыз ақсақал 91 жасқа қараған шағында өмірден озып отыр.

Танымал актер, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Азамат Сатыбалдының әкесі өмірден өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Актердің басына түскен ауыр қайғы туралы жаманат хабарды Мүсірепов театрының ұжымы  хабардар еткен.

«Театрымыздың директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актеры Азамат Сатыбалдының 91 жастағы асқар таудай ардақты әкесі - Сатыбалды ақсақал дүниеден озды. 10 баланы өсіріп-жетілдіріп, өнегелі үлгісімен аймағына, ағайынға сыйлы болған, әулетінің дәулетін асырып, немере-шөбере көрген абыз жанның пәнилік өмірі ғұмыр-дастанға бергісіз... Атамыздың бақилық - мәңгілік жолы ендігі жерде, Азамат сынды өнер мен мәдениетімізге зор үлес қосып жүрген азамат ұрпағымен жалғаса бермек... Марқұм қарияның жаны жәннаттық, рухы шат болып, нұры пейіште шалқысын!», - деп көңіл айтыпты Азаматтың әріптестері театрдың Instagram парақшасында.