$ 494.87  520.65  4.91

Саят Медеуовтың әкесі де қайтыс болды

Ақсақалдың жүрегін жарға деген аңсау шыдатпаған болар?
фото: instagram.com
фото: instagram.com

Әнші Саят Медеуовтың әкесі көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін әншінің анасы қайтыс болғандығы туралы ақпарат жариялаған едік. Енді анасының өлімінен кейін арада екі аптадай уақыт өткенде әкесі де келмеске кетіп отыр. Бұл жағдай туралы Серік Абас-шах instagram парақшасына жазба жариялады.

"Саят Медеуов бауырымның анасы бірінші шілдеде көз жұмған-ды. Араға екі апта салып әкесі қайтыс болыпты. Арасы екі-ақ апта.

Ақсақалдың жүрегін жарға деген аңсау шыдатпаған болар? Бір сөзбен айтсақ - құсалық. Адал махаббат деген әдемі сөз емес, осы ғой.

Екеуінің мекендері жұмақ болсын! Ауырмаңыздар! Қасыңыздағы жандардың қадірін біліңіздер! Өмір бір-ақ рет беріледі", - деп жазды ол.

Осы орайда, желі қолданушылары болса, "Жаны жаннатта болсын!" деп сүйікті әншілеріне онлайн түрде көңіл айтып жатыр. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары