20.07.2020, 16:20

«Бәрі киноға төсек арқылы келіп жатқанда, біз төбелес арқылы келдік» - актер Қайрат Әділгерей

фото: stan.kz
Әзіл әлемінің екі жұлдызы Қайрат пен Жахан Нұрлан Қоянбаевтың киносына түсуге дәмелі.

Қайрат Әділгерей мен Жахан Отарғалиевтің рөлге таласы көрерменнің көз алдында өтті. Бірі мұны кино жарнамасы ретінде қабылдады, бірі хайп деп айыптады. Ал, актер Қайрат Әділгерей киноға төбелес арқылы келдік деп әзілдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Әзіл әлемінің екі жұлдызы Қайрат пен Жахан Нұрлан Қоянбаевтың киносына түсуге дәмелі. Кинокартинадан бірі Қайратты, бірі Жаханды көргісі келеді. Ал, продюсер Қоянбаевтың өзі екеуін де бөліп жармайтынын айтқан еді. 

"Елдің бәрі киноға басты рөлге төсек арқылы келіп жатса, біз төбелесіп келді. Төбелес арқылы қабылдандық", - деп әзілдеді Әділгерей Нұрлан Қоянбаевтың қатысуымен өткен тікелей эфир барысында. Олардың тікелей эфирін тамашалаған желі белсенділері: "Қайрат та, Жахан да мықты. Екеуін де көргіміз келеді", "Жахан барлық киноға түсе берсе қызық емес, ерекшелік болу керек, актерларды ауыстыру керек", "Қайратты алса екен, бәріміз жақсы көреміз", "Жахан жас болса да, күлдіре алады", - деп жазды.