$ 444.32  473.33  4.76

Пневмониядан көз жұмған қазақстандық актер о дүниеден сәлем жолдаған

5 шілде күні пневмония дертінен қайтыс болған актер Мұрат Мұқашев бір қыздың түсіне еніп, өзінің досы Ерден Телемісовке сәлем айтқан.
фото: baq.kz
фото: baq.kz

Белгілі актер әрі каскадер Ерден Телемісов басынан өткен ерекше оқиғаны өзінің әлеуметтік желісінде бөліскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Дерек көзінің жазуынша, Ерден Телемісов өзіне қатты әсер еткен бұл оқиғаны Facebook парақшасында бөліскен.

«Кездейсоқ бір қызды кездестіріп қалдым. Өзім танымайтын бір қыз маған келіп, амандасып, содан кейін өтіп кетіп, жолыма қарап, қайтадан бұрылып жаныма келді. Сонда көзінен жас аққанын байқадым», - дейді актер.

Айтуынша, бейтаныс қыздың айтқан сөздері оған қатты әсер еткен.

«Содан кейін қыз: «Білесіз бе, бүгін түнде сіздің жақында көз жұмған досыңыз түсіме кірген еді. Мұрат Мұқашев! Ол түсімде сізге сәлем айтуымды сұрады» деді. Маған бұл нәрсе қатты әсер етті. Осыдан кейін он-он бес минуттай өзімді жайсыз сезіндім. Кофе ішіп, өзіме келдім. Бірақ одан кейін бақыт сезіндім. Соңғы күндері қайғырып жүргенде, досың, бауырың саған аяқ-асты сәлем жолдағаны ерекше оқиға.

Ол қыз негізі қаланың басқа шетінде тұрады екен. Бұл жерге көп келе бермейді. Forum мен тұратын жерде екі-үш көшедей аралық бар және мен ол жаққа аяғыма шәркей киіп кетіп қалғанмын. Неге екенін білмеймін, Forum-ға тартып кеттім. Сол кезде біз кездесіп қалдық. Міне енді, сторис түсіріп, Facebook-ке осы оқиға жайлы пост жарияладым.

Мұраттың бір жерде бар екені сондай ғажап! Осы арқылы өзінде бәрі жақсы екенін бізге хабарлап отыр», - деп жазған ол.

Бір қызығы, осы хабарды Ерден Телемісовке жеткізген Марина есімді қыз да өзінің әлеуметтік желісіне де осы жағдай туралы бөліскен.

«Менің түсіме танымал актер кірді, ол тағы бір басқа танымал адамға, медиада жүрген кісіге сәлем айтуымды сұрады. Әрине, мен хат жазған жоқпын. Бірақ, жаңа ғана аяқ-асты сол кісіні қалада көріп қалдым», - дейді қыз.

Айта кетейік, Nomad Stunts командасының танымал актері және каскадері Мұрат Мұқашев 5 шілде күні Алматыда қайтыс болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары