$ 444.22  476.38  4.82

«Сыған серенадасы» – Талдықорған мен Текеліде қойылады

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялдық драма театры театрдың 90-жылдығы аясында 21-22 сәуір күндері гастрольдік сапармен Талдықорған және Текелі қалаларына аттанбақ. Алматы облысының орталығына ат басын тіреген бұл сапарда театр ұжымы И.Сапарбайдың "Сыған серенадасы" музыкалық драмасын сахналамақшы.

Әрбір қазақтың аузынан түспейтін жүрек шымырлатар, сезім серпілтер құдіретті әндерді дүниеге әкелген Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен махаббаты жайлы сыр шертетін спектакльде өнер көрсететін актерлер мен қойылым тобын театрдың көркемдік жетекшісі, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов пен театр директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл бастап барады. Шәмшінің ролін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс ойнайды. Ал, еріксіз биге жетелеп, махаббатпен тебірентер "Сыған серенадасының" дүниеге келуіне арқау болған Сыған қызы Изольда бейнесінде театрымыздың талантты актрисасы Шынар Жанысбекова өнер көрсетеді.

Биылғы маусым 90 жылдығын тойлап өткен қазақ өнерінің корифейлерінің тері сіңіп, ізі қалған қарашаңырақтың киелі сахнасында өнер көрсететін артистердің ойынын тамашалағыңыз келсе, жұрт тамсана айтатын, "Жер жаннаты - Жетісудың" кіндік қаласы – Талдықорған мен Текеліде сахналанатын "Сыған серенадасы" спектакліне асығыңыз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары