$ 498.34  519.72  4.85

Қайрат Нұртастың директоры Nur.kz порталынан өсек жазуды доғаруды талап етті

Кеше еліміздегі бірқатар БАҚ өкілдері әнші Қайрат Нұртастың Мәдениет вице-министрі болғанын айтып, сүйіншілеген еді. Алайда, араға бірнеше сағат салып Арыстанбек Мұхамедиұлы басқаратын ведомство өкілдері бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, мәлімдеме таратты. Ал, бүгін әншінің директоры осы мақаланы жазған Nur.kz порталына өсек жазуды доғаруды талап етті.

Мұндай өсекпен бұдан әрі де айналыса беретін болса Nur.kz порталының үстінен құқық қорғау органдарына шағым түсіреміз дейді Лаура Сейітбекова.

«Осы атына заты сай емес "Нұр.kz" заңды белден басып, тексерілмеген жалған ақпараттарды таратуын, өз рейтингтерін көтеру пиғылымен неше түрлі құйтырқы, екі бауырдың,қазақтың арасына жік салатын рубрикаларды ойлап табуын қояр ма екен? Бүгін де Қайратқа қатысты ақпаратты былш еткізіп сайттарына салып алып, әбден тарап кеткен соң бірақ xабарласып тұр! "Рас па?" - деген сұрағына кейіп, "Сіздер ғой таратқан сондықтан дерек көзін Сізден сұрайын, сайттарыңызға салып, жар салып таратқандарыңызға қарағанда рас екеніне Сіздер сенімді сияқтысыздар ғой, маған кеш xабарласып тұрған жоқсыз ба?"- десем, "значит это шутка?" - деп тұр саспай! "Это грубейшая ошибка Вашиx сотрудников, которые не проверив опубликовали не правильную информацию"-деп берген жауабымды бұрмалап, "шутка",-деп айтты депті! Жалған ақпаратты жариялап бәрін біреу шутка деп айтты дей беретін бұл сайтты жөнге келтірер біреу бар ма екен?» дейді ашуға булыққан Сейітбекова.

Оның айтуынша, Қайратты вице-министр "еткен" журналистер өзінің кәсіби біліксіздігін көрсетіп, ҚР-ның БАҚ туралы заңын өрескел бұзған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары