$ 494.87  520.65  4.91

«Қылмыскерлер өлтіріп кетті»: әзілкеш Елдос «Колобок» әкесі туралы бар шындықты айтып берді (ВИДЕО)

Әрдайым көңілді жүретін әзілкештің отбасында 2001 жылы аса қайғылы жағдай орын алған.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Қалың көпшілікке "Колобок" лақап атымен танылған әзілкеш әрі асаба Елдос Қадірханов ашық сұхбат беріп, әкесі жайлы бұрын-соңды айтпаған мәліметпен бөлісті. Белгілі болғандай, блогер он жасынан бері әкесіз өсіп келе жатыр. Оның айтуынша, асқар тауын қылмыскерлер өлтіріп кеткен деп жазады kaz.nur.kz.

Елдос Қадірханов белгілі журналист Зарина Мүслімге ауқымды сұхбат беріп, жан жарасымен бөлісті. Әрдайым көңілді жүретін әзілкештің отбасында 2001 жылы аса қайғылы жағдай орын алған. Оның әкесі дүниеден өтті.

Алайда, белгілі асабаның асқар тауы ауырып қайтыс болмаған. Оның айтуынша, әкесін қылмыскерлер өлтіріп кеткен.

Елдос Қадірханов әкесінің өлімі туралы алғаш рет ашылып, бар шындықты еш бүкпесіз жеткізген.

"Ол кісі 2001 жылы дүниеден озды. Ол кезде он жас шамасындамын. Өкінішке орай, әкемізден айырылып қалдық. Бірақ, ол ауырған жоқ. Қылмыскерлер өлтіріп кетті. Әкеміз кәсіппен айналысатын. Ет саудасымен айналысты. Ол зұлымдық жасаған топтың қақпанына түсіп қалды. Сондағы 500 мың теңге. Ол қазір бес миллион секілді шығар. Сол кездегі араласып жүрген ортасы ғой. Содан бері анамыз бізге айтып келеді.

"Дені дұрыс адамдармен араласыңдар" деп. Менің ортам шүкір жақсы. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады деген бар ғой. Біз бір-бірімізге кемшіліктерімізді, қателерімізді айтып түзеп отырамыз. Нәтижесінде дұрыс деп саналған қасиеттерімізді қалдырып, қалғанын ысырып тастаймыз" , - деп ағынан жарылды Елдос Қадірханов.

Танымал асабаның сұхбатынан үзінді Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары