$ 448.15  483.46  4.86

Талғат Теменов мемлекетаралық сыйлықтың лауреаты атанды

Теменов бұл жаңалықты естігенде Мәскеу қаласында болған.

Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының көркем жетекшісі, кино және театр режиссёрі Талғат Теменов "Достастық жұлдыздары" мемлекетаралық сыйлығының лауреаты атанды. 

"Бұл сыйлық ТМД кеңістігінде мәдениет және мәдени мұра саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін шығармашылық жұмыстар мен туындылар арқылы мәдениет пен өнерге қосқан зор үлес үшін ұсынылады. Талғат Досымғалиұлын осы сүбелі жетістігімен шын жүректен құттықтаймын және барша бастамаларына сәттілік тілеймін!", - деп жазды мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Facebook парақшасында.

Теменов бұл жаңалықты естігенде Мәскеу қаласында болған. 

"Әрине, қатты толқыдым. Қазақ киносы мен ұлттық театр өнері шетелде жоғары бағаға ие болғаны қуантады. Бұл менің ғана қуанышым емес, барша Қазақстанның жетістігі", - деді режиссер.

Бұл сыйлықты ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастық кеңесі және мемлекетаралық қоры тағайындаған. "Достастық жұлдыздары" ғылым және білім, мәдениет және өнер, гуманитарлық қызмет саласындағы жетістіктер үшін беріледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары