$ 444.22  476.38  4.82

Данэлия Тулешова АҚШ-та өтіп жатқан әлем таланттарының байқауында жартылай финалға өтті (ВИДЕО)

Айта кетейік, America’s Got Talent байқауының бас жүлдесі миллион долларды құрайды.

Данэлия Тулешова America’s Got Talent байқауының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Shownews.kz.

Отандасымыз бұл айналымда «Tears of Gold» әнін орындады. Жас таланттың өнерінен қазылар алқасы мен көрермендер ерекше әсер алғаны рас.

АҚШ-та жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын таланттар додасына түрлі өнер иелері қатыса алады. Аталмыш шоу америкалық NBC телеарнасының тікелей эфирінен көрсетілді. Ал келесі кезеңге өтуге лайықты қатысушыларға көрермендер дауыс беріп, анықтайды. Данэлия оқырмандарынан желі арқылы қолдау көрсетуді сұрауда. Алайда америкалық шоуға тек ел азаматтары дауыс бере алады. Қазақстандық әнші қыз бұл байқауға анасымен және вокал мұғалімін ерте барған.

Айта кетейік, America’s Got Talent байқауының бас жүлдесі миллион долларды құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары