$ 494.87  520.65  4.91

Тележүргізуші Анна Данченкоға сүйіктісі сезімін білдірді (ВИДЕО)

Ақпарат өкілі қалың көпшілік алдында алғаш рет сүйіктісі бар екенін растады. Алайда, ол туралы өзге мәліметтермен бөліскісі келмеді.

Отандық танымал тележүргізуші Анна Данченкоға "Бір болайық" бағдарламасының тікелей эфирі кезінде сүйіктісі ерекше тосын сый жасады. Ақпарат өкілінің ғашығы оған раушан гүл шоқтарын жіберіп, оған деген махаббатын жеткізген. Жеке өмірін барынша жасырын ұстайтын журналист мұндай сыйға риза болып, алғаш рет көпшілік алдында арқа сүйер азаматы бар екенін ашып айтты деп жазады nur.kz.

Анна Данченко студияға келетін гүл шоқтары мен түрлі сыйлықтар көбіне қатысушыларға жіберіліп отыратынан хабардар. Тележүргізуші бұл жолы да алып раушан гүлдері арулардың біріне тарту етілген деп ойлап қалған.

Алайда, белгілі болғандай, алып раушан гүлдерін ақпарат өкілінің сүйіктісі арнайы жіберген. Данченконың ер азаматы өзі келе алмаса да, тікелей эфир кезінде оған тосын сый жасап, көңілін көтермек болған көрінеді.

Белгілі журналист ғашығының мұндай сыйынан кейін ұялып, айтарға сөз де таппай қалды. Жеке өмірі жайлы көп айта бермейтін тележүргізуші ғашығының мұндай романтикалық қадамына тәнті болып, тікелей эфир кезінде оған деген сезімін білдірді.

Ақпарат өкілі қалың көпшілік алдында алғаш рет сүйіктісі бар екенін растады. Алайда, ол туралы өзге мәліметтермен бөліскісі келмеді. Данченко ерекше әсерлі сәтінің видеосымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары