Мәдениет & Шоубиз 15.10.2020 сағат 04:04

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа беташарда бір уыс ақша тастады (ВИДЕО)

Ақша не істетпейді?
Әнші Әбдіжаппар Әлқожа беташарда бір уыс ақша тастады (ВИДЕО)
фото: stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әнші Әбдіжаппар Әлқожаның тойдағы қылығын көргендер елең етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Танымал әншіні беташар кезінде ортаға достары көтеріп алып шыққан. Сол кезде ол қолындағы бір уыс ақшаны көпшілікке көрсетіп барып тастаған. Оның осы әрекеті түсірілген видео Instagram-дағы "juldyzdy_janalyk" парақшасында жарияланды. Әлгі бейнежазбаның астына: "Ал мынадай беташарды көрдіңіз бе? Мынау артықтау сияқты енді... Қалай ойлайсыздар?", - деп жазылған.

Осы орайда, видеоны көрген желі қолданушыларының жартысы: "Ешқандай ерсі ештеңесі жоқ. Достар арасында солай ойнайтын шығар өздері. Строго не судите а!", "Өте жарасымды, ерсі ешнәрсе жоқ", "Өте дұрыс деп айтар едім. Достарын менсінбей кететіндер бар ғой жұлдыз болғандар. Өте қарапайым екені көрініп тұр", - деп оны қоштай жөнелді. 

Ал кейбіреулері: "Көргенсіздер", "Әрине, артық, бұл - мақтаншақтық", "Дарақылық",  "Ұят", "Мақтаған қыз тойды бүлдіреді", "Салт-дәстүрлі ойынға айналдыру модаға айналған ба?", "Ақша не істетпейді?", - деп жағымсыз пікір жазды.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар