$ 494.87  520.65  4.91

«Мен әйеліме күн сайын ғашық болам» - Санжар Мади (ВИДЕО)

Санжар Мәди бір қыздың әкесі. Жары Мөлдір екеуі Ұмай есімді қыз тәрбиелеп отыр. Ал жарына күн сайын ғашық болатынын айтады.

Талантты актер Санжар Мәди шығармашылығы мен өмірі жайлы айтты. Актердың кинодағы рөлі, өмірдегі ұстанымы қандай? Әйелімен қарым-қатынасы, балалық шағы мен кинодағы қиыншылқтары туралы ашық айтты.

Бұл туралы ER-BATYR жобасында айтылды.

Санжар Мәди бірнеше кинода роль сомдады. Әміре рөлімен көпшілікке етене жақын. Әр рөлі ол үшін қымбат әрі қиын. Көрермен мені "Сказ о розовом зайце" атты фильм арқылы таниды дейді өзі. 

"Мен кино әлеміне келерде көп ойландым. Балалық шағымда бәрі болды деп айта алмаймын. Кинода жаңа келгенде ақша керек болды. Кинода ұсыныстар көп болған жоқ. Басқа салаға кеткім келді. Мені көпшілік "Сказ о розовом зайце" фильміндегі рөлім арқылы танып жатады. Кейбірі "Рэкетирде керемет ойнадың" деп мақтап жатады. Бірақ мен ол фильмге түспегенмін. Мені басты рөлдегі актермен шатастырады. Атым мен тегімді шатастырады. Кей адам мені актер ретінде мойындамай жатады. Бірақ мен әр рөліме өте мұқият дайындаламын. Әрі барлық рөл мен үшін оңай бола бермейді", - деді ол. 

Санжар Мәди "Бой Атбая" атты фильмде басты рөлді сомдады. Мұнда актер спортшының рөлін алды. 

"Маған спортшының рөлі туралы ұсыныс айтқанда қуандым. Себебі мен қалалық жігіттің, бай жігіттің, көңілдестің рөлін көп ойнадым. Халық мені солай қабылдап қалмаса екен деген қорқыныш болды. Бізде кинода кім қандай рөлмен танылса, сондай образды өмір бойы сомдай беруі мүмкін. Жағымсыз образдағы адамды көрермен жақсы рөлде қабылдай алмай жатады. Ал актер әртүрлі рөлді сомдай алуы керек", - деді актер. 

Айтуынша, спортшының рөліне түсу үшін бір ай бойы залда жаттыққан.

"Бір ай уақыт берді. Мен жаттықтым. Спортшыға ұқсауым керек болды. Залда тұрақты дайындалдым. Дәрісін іштім. Денемді шынықтырып, формаға түсу керек болды. Бұл рөл үшін бәрін жасадым", - деді Санжар. 

Санжар Мәди бір қыздың әкесі. Жары Мөлдір екеуі Ұмай есімді қыз тәрбиелеп отыр. Ал жарына күн сайын ғашық болатынын айтады. 

"Карантин кезінде бәріміз үйде болдық. Сол кезден бастап әйеліме күн сайын ғашық болдым. Біз өте ауыр күндерді бастан өткердік. Оны ашық айтқым келмейді. Әйелімді күн өткен сайын жақын тани бастадым. Жаңа қырын тани бастадым. Бір адамдарда бәрі сыртына шығып тұрады. Одан жалыға бастайсың. Ал Мөлдір бірден ашыла салатын адам емес. Онымен соғысқа болса да бірге аттануға болады. Сенуге болатын адам. Орта жолдан тастап кетпейтін адам", - деді актер. 

Актер көпшілік алдында жүргенімен көп алдында қысылатынын мойындады. Әсіресе, сахнада, саяси жиындарда қымсынатынын айтады. 

"Мен биіктіктен қорқатынмын. Биікте тұрып, қорқынышты жеңдім. Көпшілік алдына шыққанда қысыламын. Оны да біртіндеп жеңіп келе жатырмын. Отбасымды асырай алмай қаламын ба деп қорқамын. Бұл қорқыныш маған одан әрі еңбек етуге, өмір сүруге күш береді. Бір жұмысты екі есе жасауға көмектеседі", - деді Санжар. 

Санжар Мәди Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты, Абай Құнанбайұлыны, Шәкен Аймановты үлгі тұтады. Дәл солардай өзгеге үлгі боларлық тұлға болсам деп армандайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары