$ 494.87  520.65  4.91

Құралай Нұрқаділова «лесби» сіңлісі Нұрбибі жайлы айтып берді

Құралай Нұрқаділованың желідегі оқырмандары Нұрбибінің жағдайын сұрап, көп хат жолдайды. Желіде дәріс жүргізіп жүрген дизайнерге "сіңліңді тәрбилеп алсаңшы" деген сарындағы пікірлер жазатын болған.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Құралай Нұрқаділова елді қызықтырған сұраққа жауап берді. Ол Нұрбибі Нұрқаділова жайлы пікір жазды. Желідегі оқырмандары елге ақыл айтқан дизайнерді сынға алды. Алайда Нұрқаділованың өз айтары бар. 

Бұған дейін Заманбек Нұрқаділовтің немересі Нұрбибі Нұрқаділова өзінің лесби екенін ашық жариялады. Өзі секілді қыздарға кеңес беріп, көзқарасын ашық жариялауға шақырды. Тіпті көңілі қалаған қызбен бір шаңырақта тұрып жатқанын мойындады. Елімізде бір жынысты некеге рұқсат етілу керек дегенді айтты. Қоғамда Нұрқаділовтің немересінің көзқарасы қызу талқыға түсті. Көпшілігі айыптап, сынға алды. 

"Мен өзім сүйген қызбен бірге тұрып жатырмын. Атам-анам көзі ашық жандар. Сондықтан рұқсат етті", - деді Нұрбибі. 

Құралай Нұрқаділованың желідегі оқырмандары Нұрбибінің жағдайын сұрап, көп хат жолдайды. Желіде дәріс жүргізіп жүрген дизайнерге "сіңліңді тәрбилеп алсаңшы" деген сарындағы пікірлер жазатын болған.

Дизайнер бір жазбасында осы сұраққа жауап бере кетті, деп жазады Алаш айнасы.

"Ол ауру. Мен араласпаймын. Сіз өзіңіз Қазақстанда тұратын барлық адаммен араласасыз ба?", - деді дизайнер.  

Енді бір желі қолданушысы "елге ақыл айтып жүрсіз, өзіңіз неге жалғызсыз? Неге күйеуіңіз жоқ?" деп жазды. Нұрқаділова "менің күйеуім жігітім бар. Менде бәрі жақсы", - деп жымиды. 

Желідегі өзге қолданушылар дизайнердің сөзін қостап жазды.

"Сіздің еш қатысыңыз жоқ. Әркім өз өмірінің қожайыны", "Мен сізді тыңдай берем. Дәрісіңізді тыңдаймын, жақсы дүниелер жазасыз", "Тектіден текті туады", "Біреудің қатесіне басқа адамды кінәламайық", "Сіз нағыз мамансыз", - деп жазды желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары