Отандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева ұзақ уақыт бойы қалың көпшіліктен жасырып келген жолдасының келбетін көрсетті. Бірінші некесі сәтсіз аяқталған көпбалалы әнші осы жылдың мамыр айында екінші мәрте тұрмысқа шыққан болатын деп жазады nur.kz.
Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында күйеуімен түскен видеомен бөлісіп, барша оқырмандарын қуантты. Өнер иесі алғаш рет халықа отағасының келбетін көрсеткен. Бұған дейін ол жолдасының суреттерін жарияласа да, үнемі түрін жауып қоятын. Алайда, бұл жолы әнші сүйіктісін жасырмауды шешкен.
"Қымбатты оқырмандарым! Көрімдіктеріңізді ақ тілектеріңіз арқылы жаудырыңыздаршы. Бізге тілеген тілектеріңіз еседеп қайтсын. Көптен бері сіздерді Алла қосқан жолдасыммен бірге жаңа жоба бастап жатқанымыз туралы айтамын деп уәде еткен болатынмын! Сол уақыт келіп жеткен сияқты" , - деп жазды эстрада жұлдызы.
Жорабаеваны екінші күйеуі бірден желідегілер арасында қызу талқыланды.
"Көркіне көз тоятындай жігіт екен. Алла бақытыңды баянды етсін" , "Түріне қарасаң өте салмақты әрі жауапкершілігі мол азамат болып көренеді" , "Сымбатты жігіт екен" , " "Жасырған жолдасыңызды көрсетпсіз ғой. Маңдайына күйе жағып жүріңіз" , "Жарасымдысыздар. Жақсы үйлесесіздер" , "Өте тартымды жігіт екен. Бақытты болыңыздар", "Алтынай ғашық екені көрініп тұр" , - деп жазуда көпшілік.