$ 449.58  486.94  4.86

Ерке Есмаханның Ninety One тобының әншісімен кездесіп жүргені рас па? (ВИДЕО)

Ерке мен Азаматтың Дубайда бірге демалып жүргендерін куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Белгілі әнші Ерке Есмахан мен Ninety One экс-мүшесі Азамат Зенкаевпен кездесіп жүргені белгілі болды. Бұл туралы Youtube желісіндегі "91 Eaglez" арнасында хабарланды, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

Екі әншінің де бірдей киім киіп жүргендері, дәл бір жерді суретке түсіріп, инстаграмдағы парақшаларында жарияланғандары белгілі болды.

Дубайда демалып жүрген қазақтар Ерке мен Азаматтың да Дубайда бірге демалып жүргендерін көріп, видеоға түсіріп алған.

Әзірге Ерке де, Азамат та ресми түрде ешқандай пікір білдірген жоқ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары