Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) поляк Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы келесі жекпе-жегінде сәттілік тіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
"Сәттілік, Гена", - деп жазды Хабиб GGG-дің Instagram-парақшасындағы жазбасында.
Головкин мен Шеремет арасындағы жекпе-жек Холливудтағы (Флорида, АҚШ) кештің басты оқиғасы болады. Шоу Қазақстан уақытымен 19 желтоқсан, сенбіде таңертең өтеді. Головкин титулдарын 21-рет қорғамақ.