$ 494.87  520.65  4.91

«Құлыбаевтың екінші әйелі болуға дайын болдым» - Сати Казанова

Тимур Құлыбаев – Қазақстанды отыз жылға жуық үздіксіз билеген Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы.

Ресейлік әнші Сати Казанова бір кездері қазақстандық олигарх Тимур Құлыбаевтың екінші әйелі болуға дайын болған. Бұл жайлы әншінің өзі YouTube желісінде Надежда Стрелецқа берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

38 жастағы Казанованың айтуына қарағанда, ол 54 жастағы қазақстандық кәсіпкермен 2005-2008 жылдары жақсы қарым-қатынаста болған. Әншінің сөзінше, олар ресейлік «Фабрика» тобының корпоративтерінің бірінде танысқан.

«Мен оны ұзақ уақыт бойы өзіме жолатпадым. Жарты жыл. Ол маған ұнамады, менің талғамымдағы адам болған жоқ. Бастапқыда мен онымен сөйлесуге де келіспедім. Ал кейіннен ол жайлы ойлап жүргенімді түсіндім. Мұның бәрі жеке сүйкімділікке байланысты, ол өзіне сенімді адам» деді Казанова.


Әншінің айтуынша, кейінірек ол олигархқа қатты ғашық болып, екінші әйелі болуға дайын болған. Сонымен қатар сұхбат барысында Казанова Құлыбаевты пайдалану ниеті болмағанын атап өтті.

Оның айтуынша, Құлыбаев екеуінің айырылысуына олигархтың Гога Ашкеназимен «махаббат романын» бастауы себеп болған.

«Мен оны жақсы көрдім, бірақ құл болғым келмеді. Мен үшін ішкі еркіндік маңызды. Бұл қарым-қатынаста мен құлдырадым. Сол кезде бұл дұрыс емес болды. Менімен қатар басқа адаммен қарым-қатынаста болғаны сатқындық еді. Мен үшін бұл мүмкін емес еді. Егер мен осындай қарым-қатынасқа келсем, онда мен өзіме, әйел деген атыма опасыздық жасаған болар едім. Айырылысу менің бастамам болды. Менің әйелдік қадір-қасиетім бұған келісе алмады. Бұл қатынастарда тазалық жоқ. Адалдық жоқ. Ол бұдан артық бере алмады» деді Казанова.

Тимур Құлыбаев – Қазақстанды отыз жылға жуық үздіксіз билеген Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы. Ол 1989 жылы Назарбаевтың екінші қызы Динараға үйленген. Олардың үш баласы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары