Алматыда "Найман" лақап атымен танылған аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтің ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Спортшы сот отырысына қатысқан жоқ. Адвокаттың айтуынша, Хамитов техникалық ақауға байланысты онлайн форматта өткен сот отырысына қатыса алмады. Сол себепті ол кейінге қалдыруды сұрады.
Іс бойынша прокурор да қылмыстық істі Хамитовсыз өткізу мүмкін емес екенін айтты.
Отырыс нақты қай күні өтетіні әлі белгісіз.
Адвокат Қуат Хамитовтің нақты қай жерде екенін айтпады. Алайда бұған дейін БАҚ-та спортшының 20 қаңтарда Магнитогорск қаласына (Қостанайдан 434 шақырым) бара жатқаны туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ, Хамитов болып жатқан жағдайдың бәрі жекпе-жек алдында психологиялық, моральдық тұрғыдан әсер етпегенін айтты.