Мәдениет & Шоубиз 19.01.2021 сағат 18:00

«Ауыздарыңа ие болып жүріңдер»: Нұрдәулет Шертім Рахат Әлиевтен таяқ жегенін айтты (ВИДЕО)

Біз елбасыға сұрақ қойдық. "Рахат Әлиев мерейтой жасағысы келіп жатыр. Ол үшін 100 млн теңге керек екен", - дедік...
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтылды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпараттық порталы.  

Нұрдәулет Шертім - бір кездері КВН-да ойнаған актер. "Шатақхана", "Қызық радиосы", "Түнгі студия" бағдарламалары арқылы аты шыққан. Сол кезде бірге жүрген достарының бәрі қазір жан-жақта. Актер осы ретте осыдан 15 жылдай уақыт бұрын болған оқиғасын айтып берді. 

"Жанып тұрған кезіміз еді. Бірақ әлі танылып, кемелденген шағымыз емес. Әлі баламыз. Әзіл айтып, көзге түсіп қалған соң, Дариға Назарбаеваның туған күніне шақырту алдық. Ол жерде өнер көрсетуіміз керек болды. Лауазымды адамдар, елбасы, бәрі отырды. Біз саясаттан, әр жерден қызықты әзіл айта бастадық. Рахат Әлиев мырза тірі еді. Сол кісі туралы әзіл айттық. Өзіміздің алдын ала жасалған әзіліміз болатын. Біз елбасыға сұрақ қойдық. "Рахат Әлиев мерейтой жасағысы келіп жатыр. Ол үшін 100 млн теңге керек екен", - дедік. Сосын елбасының басқа жиында айтқан сөзін қойдырдық. Ол жерде елбасы: "Шамиль Бекбауылұлына тапсырыңыздар. Ол 100 мыңға жасайды", - деген сөзі кетті. Бұл - алдын ала жасалған таспа. Елдің бәрі ду күлісті. Біз де мәзбіз. Содан бізді екінші рет әзіл айтуға шақырды. Біз дайындалып келсек, Рахат Әлиев күтіп тұр екен. Мені келіп шапалақпен бір қойды. Екінші Дастанды, одан кейін Дәуітті ұрды. Бастапқыда түсінбей қалдық. Не айтарымызды білмедік. Кейін қате айттық па деп ойландық. Бұл бізге тәрбие секілді болды. Есіріп кетпеңдер, сендерді бақылап отырған адамдар бар деген ескерту еді", - деді  Нұрдәулет. 

Оның айтуынша, сол кештен 3 актер әрқайсысы 150 мың теңгеден алған. 

"Ол кезде біз үшін көп ақша еді. Соған қуанып, қайтып кеттік. Есіріп, ішімдік ішіп, Ресейден тікұшақпен қыздар алдырыпты деген қаңқу сөздер тарапты. Оның бәрі өтірік", - деп сөзін қысқа қайырды әзілкеш.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар