$ 447.4  477.55  4.76

Аша Матай ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін марапатталды

Айтпақшы, медальдың арты біздің бөрі таңбамыз...
фото: https://www.instagram.com/p/CKnnyTnBWK_/
фото: https://www.instagram.com/p/CKnnyTnBWK_/

Әнші әрі тележүргізуші Аша Матай «Матай Бөрібай батыр» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жаңалық жайлы төсбелгі иесі желідегі парақшасында  жазды. 

«Өзімнің инстадостарыма қуанышты жаңалығымды жеткізгім келеді. Мен «Матай Бөрібай батыр» төсбелгісімен яғни медалімен марапатталдым.Куәлігімде «ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін» деп жазылыпты. Осы ретте, азғантай қосқан үлесімді жоғары бағалағандарыңыз үшін "Матай Бөрібай батыр" қорының ұйымдасыру алқасына алғысымды білдіргім келеді. Мен үшін осы төсбелгі алып жүрген марапаттарымның ішіндегі ең қымбаттысы деп қабылдадым. Айтпақшы, медальдың арты біздің бөрі таңбамыз" , - деп жазды ол желіде.

Оның марапаты жайлы естіген өнер иелері  мен желі қолданушылары ақ тілектерін жаудырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Аша Матай