$ 494.87  520.65  4.91

Мақпал Исабекова тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО)

Әлеуметтік желіде әншіні әріптестері мен оқырмандары құттықтап жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық әнші Мақпал Исабековаға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында сурет жариялап, қалыңдық атанғанын жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сүйемін! Сүйіктімін! Бақыттымын! Бүгін ең сүйікті ер адамның қалыңдығы атандым", - деп жазды Исабекова.

Алайда Мақпал Исабекова кімге тұрмысқа шыққалы жатқанын айтпады.

Әлеуметтік желіде әншіні әріптестері мен оқырмандары құттықтап жатыр. Оның арасында әнші Алтынай Жорабаева, Мәдина Сәдуақасова, Аша Матай, продюсер Алуа Қонарова және басқалары бар.

"Бақыттарың баянды болсын, Мақпал. Алла бір жастықта үбірлі-шүбірлі болып қартаюды нәсіп етсін", - деп жазды Жорабаева.

Ал Алуа Қонарова Исабекованың ең жақсы ер адамға лайық екенін айтып, бақыт тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары