$ 449.3  489.69  4.89

«Сақинаң құтты болсын»: Ерке Есмаханның тұрмысқа шыққаны рас па?

Бүгінде ол өзінің ғашығы сияқты киіне бастаған. Көпшілік оны да назардан тыс қалдырмаған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Әнші Ерке Есмахан тағы да ел аузында. Бұл жолы жанкүйерлері оның жасырын түрде тұрмысқа шығып алғанын болжады. Көпшілік өнер иесінің қолында жүзік пайда болғанын байқаған, деп хабарлады NUR.KZ.

Жалпы, әншінің Instagram желісіндегі соңғы жазбаларының барлығы дерлік махаббат тақырыбына арналған. Желі қолданушыларының айтуынша, Ерке Есмахан "Ninety One" тобының бұрынғы мүшесімен кездесе бастағалы өзгеріп кеткен. Киіну стилінен де айтарлықтай өзгеріс байқалады. Бүгінде ол өзінің ғашығы сияқты киіне бастаған. Көпшілік оны да назардан тыс қалдырмаған.

"Еркенің стилі бүгінгі күні бір адамдікіне қатты ұқсап бара жатыр", "A.Z cтилі", "Өзінен кішілермен кездесе бастағалы стилі де өзгеріске ұшырапты" деп жазысуда оқырмандары.

Сонымен қатар, әншінің кейбір жанкүйерлері оның соңғы фотосынан саусағындағы сақинасын байқап қалған. Бұл жайт бірден елдің қызу талқысына түсті. Желідегілер өнер иесінің жасырын түрде, ешкімге айтпай тұрмысқа шығып алғанын болжауда.

"Сақинаң құтты болсын! Демек, жасырын түрде тұрмысқы шығып алғансың ғой", "Сақинасын тағып тастаған ба? Қалай тез" деп таңғалуда олар.

Алайда Ерке Есмаханның өзі әзірге бұл ақпаратты не растаған да, не жоққа шығарған да жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары