$ 449.3  489.69  4.89

Желіде Төреғали Төреәлінің жұбайымен ажырасқаны жайлы ақпарат тарап кетті (ФОТО)

Ақпаратты шамамен 1,2 миллионнан астам адам қарап үлгерген.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Желіде қазақстандық жұлдыз Төреғали Төреәлінің жұбайымен ажырасқаны жайлы тарап кеткен жаңалық оның жанкүйерлерін қатты алаңдатып қойды. Ғаламторда жарияланған жалған ақпарат салдарынан ел арасында қызу пікірталас туған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлінің өзі де бұл жаңалыққа тап болып, оның скриншотымен Instagram парақшасында бөліскен. Ол аталмыш фотоның астына "сұмдық" деген жазба қалдырды. Скриншоттан "Төреғали Төреәлі ажырасып кетті. Сұмдық" деген тақырыпты көруге болады. Жалған ақпаратты шамамен 1,2 миллионнан астам адам қарап үлгерген. Әншінің жанкүйерлері мұндай шындыққа жанаспайтын қауесеттерге наразылық танытты. "Төреғали бұл туралы енді ғана білген секілді ғой. Мұндай керемет жұпты ажырастырудың қажеті не?" , "Өлді деді, енді ажырасты деп жатыр. Ойлап таппайтындары жоқ" , "Төреғалидің өзі шок болып отыр. Ол өзін ажырастырып жібергенін білмейді де" , "Мұндай қауесеттерді тарататын адамдарды түсіне алмаймын. Өтірікпен неге қол жеткіземін деп ойлайды екен" , "Мен кеше естідім. Қатты таңғалдым. Өтірік екенін біліп, жаным тынышталды" , "Толқын өте жақсы қыз. Төреш оны ешқашан тастамайды" , "Отбасыңыз аман болсын" , "Көре алмайтындардың шығарып жүрген жаңалығы ғой" , - деп жазуда көпшілік.

Төреғали өзінің Stories бөлімінде жалған жаңалықты таратқандарға қатысты қандай шара қолдану керек екені жөнінде желідегілер пікірін сұрады.

Нәтижесінде эстрада жұлдызы өзі жайлы қауесеттер таратумен айналысып жүргендерді жазаламайын деп шешкен. Ол желіде жаңа жазба жариялап, онда бәрін кешіргенін өлең жолдарымен жеткізген. Сонымен қатар, өнер иесі көпшіліктен өзін де кешіруін сұраған.

Айта кету керек, Төреғали Төреәлі өзінің ажырасқаны жайлы жалған ақпаратқа қатысты даудан кейін парақшасында әйелімен түскен суретімен бөлісті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары