Мәдениет & Шоубиз 25.02.2021 сағат 15:00

«Саныңды жапшы»: әнші Мадина Сәдуақасованың жаңа образын жұрт сынап тастады (ФОТО)

Әдетте, шашын жайып, ерекше көйлектермен ел алдына шығатын өнер иесін мұндай образда көрген көпшілік өз таңданысын жасыра алмады.
«Саныңды жапшы»: әнші Мадина Сәдуақасованың жаңа образын жұрт сынап тастады (ФОТО)
Фото: Instagram/sadvakasovamadina
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова соңғы кезде түрлі ерекше образдарда бой көрсетіп жүр. Алайда, өнер иесінің стиліндегі өзгерісі жанкүйерлерінің барлығына бірдей ұнап жатқан жоқ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова бұл жолы Instagram парақшасында 80-90 жылдардағы "диско" стилін паш еткен. Шоу-бизнес жұлдызы қара түсті киім киіп, мойнына үлкен алтын алқа тағып алған. Оған қоса, оның құлағына тағылған жылан тәріздес сырғаны байқауға болады. Әншінің стилімен қатар, шаш үлгісі де өзгеріске ұшыраған. Әдетте, шашын жайып, ерекше көйлектермен ел алдына шығатын өнер иесін мұндай образда көрген көпшілік өз таңданысын жасыра алмады.

"Бұл шынымен Мадина ма?" , "Шынымды айтсам, танымай қалдым" , "Сізді мұндай кейіпте көрген бір қызық болды" , "Мұндай образ бір түрлі екен" , "Көзіміз басқа образдарға үйреніп қалған болу керек" , - деп жазуда желідегілер.

 Сонымен қатар, Сәдуақасованың жаңа образын сынға алғандар да болды. Кейбір пікір білдірушілер әншінің фотосессиясын тым ерсі санап, оны сөгіп тастаған.

"Саныңды жапсаңшы" , "Жолдасыңыз бар ғой, ұят болады", "Актриса мен әншілердің барлығы образ деп қоймады" , "Жас келді ғой, денені ашып не болды" , "Бұрынғы сұлу Мадина қайда? Мына кейпің жансыз қуыршақ секілді" , "Не істерін білмей жүрген секілді" , "Етегіңді жапсаң дұрыс болар еді" , "Дегенмен сахнада өнер көрсетіп жүрген жансыз, ұят қой" , - деп жазуда желі қолданушылары. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар