$ 494.87  520.65  4.91

«Қасым хан қазақ жерін жинаушы, ал Тоқаев жерді сақтаушы» - әнші Бүркіт (ВИДЕО)

Президент бірнеше жылдан бері шешілмеген мәселені шешіп тастады...
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Танымал әнші Бүркіт Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында жер мәселесі жайында айтқан шешімі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Мына жаңалықты естіп, көзімізден жас шығып кете жаздады ғой. Бұл керемет жаңалық. Біздің жеріміздің бір миллиметрі шетелдіктерге сатылмайды, әрі жалға да берілмейді. Шетелдіктерге арналған тегін ірімшік таусылды.

Президент Тоқаев бұл сұраққа нүкте қойды. Жер - біздің байлығымыз! Қазақтың байлығы! Президент бірнеше жылдан бері шешілмеген мәселені шешіп тастады. Қазақтың жері тауар емес. Қасым хан қазақ жерін жинаушы болса, ал Тоқаев қазақ жерін сақтаушы. Рахмет сізге, Қасым-Жомарт Тоқаев!", - деді әнші.

Әншінің жанкүйерлері де бұл қуанышты хабарды естіп, құттықтап жатыр.

"Дұрыс, елдің арманын орындадыңыз, жер қазақтікі!", "Құтты болсын, қуаныштарың ұзағынан болсын!", "Жақсы хабар екен, Тоқаев жасасын!", "Ұзағынан болсын!", "Расымен көзге жас келтіретін жаңалық екен!", - дейді желі қолданушылары.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары