$ 443.85  474.3  4.8

«Борат-2» «Алтын глобус» сыйлығының иегері атанды

Саша Барон Коэн "Комедия немесе мюзиклдегі ең жақсы ер адам ролі" номинациясын жеңіп алды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

"Борат-2" үздік комедия немесе мюзикл номинациясы бойынша "Алтын глобус" сыйлығының иегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы "Алтын глобустың" Twitter-дегі ресми парақшасында хабарланды.

Ал Саша Барон Коэн "Комедия немесе мюзиклдегі ең жақсы ер адам ролі" номинациясын жеңіп алды.

Тағы оқи отырыңыз:

«Борат - Американың тыңшысы» - заңгер

«Борат» - тарихтағы ең нәсілшіл фильм» - америкалық жазушы

Сыйлықты Голливудтың шетелдік баспасөз қауымдастығы (HFPA) - 90 халықаралық журналистен тұратын топ табыстайды. Енді фильм "Оскар" номинациясына ілігуі тиіс.

"Борат-2" фильмінің сюжеті бойынша қазақстандық танымал журналист Борат Сағдиев тағы АҚШ-қа барады. Ол жақта елдің саяси өмірі мен алдағы президент сайлауы туралы зерттейді. Адамдарды ызаландырады, коронавирус пандемиясымен қолға скороводка алып күреседі және демократтардың қарсыластарымен әңгімелеседі.

Фильм премьерасы 2020 жылы 23 қазанда Amazon Prime-да - АҚШ президентін сайлау қарсаңында болды. 

Бірінші "Борат" 2006 жылы шыққан. Ол Қазақстанда көрсетуге тыйым салынған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Борат