$ 494.87  520.65  4.91

Кәмшат Жолдыбаеваға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады

Әнші аруға жолданған алғашқы сауалдардың бірі тұрмысқа шығу мәселесіне қатысты болды.
фото: NUR.KZ.
фото: NUR.KZ.

Отандық танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева желіде қызу талқыға қалды. Оған өнер иесінің желідегі сұрақтарға жауап беріп жатқан видеосы себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көптен бері ел алдына шықпай, сұхбат бермей кеткен Кәмшат Жолдыбаева жанкүйерлерімен байланысқа енді ғана шығып жатыр. Біраз уақыт үнсіздіктен кейін өнер иесі көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруді жөн көрген. Әнші аруға жолданған алғашқы сауалдардың бірі тұрмысқа шығу мәселесіне қатысты болды. Желі қолданушысы одан отбасын құруға деген ниетінің бар-жоғын сұрап, өзінің жары болуға ұсыныс түсірді.

Жолдыбаева өз кезегінде тұрмысқа шыққысы келетінін алға тартып, сұрақ қойған азаматқа өзіне жазуын айтқан. Аталмыш видеоны Кәмшаттың сіңлісі Алтынай түсірген. Ол көлік тізгіндеп келе жатқан әпкесіне желідегілердің қызықты сұрақтарын қойып отырған. Кейіннен бейнежазба Instagram желісіндегі түрлі парақшаларға тарап кетіп, халықтың қызу талқысына түсті.

Көпшілік Кәмшат Жолдыбаеваға тезірек тұрмысқа шығуға кеңес берген "Дұрыс, Кәмшат жасыңыз да келіп қалды. Кету керек" , "Жарайсыз, сізге тезірек тұрмысқа шығу керек. Сізден жақсы ана шығатанына сенімдімін" , "Жүрегіңіздің жаулай алатындай мықты азамат кездеспей жүрген болар. Мүмкін кездескен де шығар" , "Жігітіңіз бар ма", "Келін атанатын уақыт келді" , - деп жазуда олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары