$ 494.87  520.65  4.91

Актриса Нұргүл Мыңғатова сәбилі болды

Кино және театр жұлдызының отбасындағы бұл қуанышы оның барша жанкүйерлерін қуантты.
Фото: instagram.com/nurgul.myngatova
Фото: instagram.com/nurgul.myngatova

Отандық танымал актриса Нұргүл Мыңғатова сәбилі болды. Өнер иесі жолдасына ұл бала сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сүйінші хабарды Нұрғүл Мыңғатованың өзі Instagram парақшасында хабарлаған. Өнер иесі өміріндегі бақытты сәттерімен қалың көпшілікпен бөлісуді жөн көрген. "Аллаға шүкір. Жақсы жаңалығым. 08.04.2021. Ұлды болдық. Баршаңызға мың алғыс" , - деп жазды актриса.

Кино және театр жұлдызының отбасындағы бұл қуанышы оның барша жанкүйерлерін қуантты. Олар сүйікті актрисаларын шын жүректен құттықтап, сәбиі екеуіне ақ тілектерін қарша жаудырды. Мыңғатованы арнайы құттықтаған жұлдызды оқырмандары арасында Алтынай Жорабаева, Салтанат Бақаева, Жұлдыз Әбдікәрімова, Жазира Байырбекова және тағы да басқалар бар.

"Аман-есен аяқ-қолыңды бауырыңа ал Алла қаласа", "Бауы берік болсын. Боалашқта бетке ұстар үлкен азамат болсын" , "Құттықтаймыз. Сіз үшін аса қатты қуанып тұрмыз" , "Бақытты болыңыз. Сіз бар жақсылыққа лайықсыз. Сәбиіңіздің қызығына тоймай жүре беріңіз" , "Сіз тұрмыстасыз ба? Мен сізді бойдақпа десем. Қуаныштымын бауы берік болсын ғұмырлы болсын саналы салиқалы мұсылман жігіт болсын" , "Дені сау, салмақты, иманды, салиқалы ұл болсын! Қуаныштымыз" , - деп жазуда көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары