$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық комик «Вечерний Ургант» шоуының қонағы болды (ВИДЕО)

"Онда "Борат" фильмінен тақырыптар пайдаланатынмын, себебі мен қазақстандықпын және "Борат" сол кезде қызу талқыланып жатқан".

Қазақстаннан шыққан стендап-комик Евгений Чебатков "Первый канал" арнасындағы "Вечерний Ургант" шоуының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .
Шығарылым видеосы кеше кешке жарияланды.

Евгений Чебатков шоуда стендап-комик ретінде алғаш рет Канадада оқып жүргенде өнер көрсете бастағанын айтты.  
"Онда "Борат" фильмінен тақырыптар пайдаланатынмын, себебі мен қазақстандықпын және "Борат" сол кезде қызу талқыланып жатқан. "Сәл-сәл осымен ойнай тұрайын" дедім. Таптаурын ойларды мүмкіндігінше бұздым", - деді Чебатков.

Сондай-ақ, комик Томскідегі радиода жұмыс істеп жүргендегі "күйзелісті" сәттерін еске алды. 
"Сен бір сағат бойы SMS-терді біреу жазып жатқандай ойлап табасың. Бірақ бұл әлемдегі ең күйзеліске толы жұмыс, өйткені саған ешкім жазбайды, - деді Евгений Чебатков. - Содан кейін анам менің қайда жұмыс істейтінімді білді де, жазуды қойды".

Евгений Чебатков - өскемендік 30 жастағы комик, ТНТ-дағы Stand Up шоуының қатысушысы. Ресей мен Канадада оқыған.

Бұған дейін Евгений Чебатковтан ресейлік журналист әрі блогер Юрий Дудь сұхбат алған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары