$ 494.87  520.65  4.91

«Екінші рет мүмкін емес деп жүріп... » - Толқын Забирова

« Антидене арқасында жеңілірек өтіп жатыр. Тек жасы 74-тегі анама ауыр болып тұр», - деп жазды әнші.
Фото: www.instagram.com/tolkynzabirova/
Фото: www.instagram.com/tolkynzabirova/

Қазақ эстрадасына опералық музыканы әкелген әнші Толқын Забирова коронавирусты екінші рет жұқтырып алғанын айтты деп жазды azattyq-ruhy.kz

«Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес деп жүріп... Антидене арқасында жеңілірек өтіп жатыр. Тек жасы 74-тегі анама ауыр болып тұр», - деп жазды әнші.

Сондай-ақ танымал әнші уақытында вакцина алған дұрыс екенін атап өтті.

«Дер кезінде прививка алған дұрыс екен. Бір-ақ үлкендерге жасатуға боларма екен? Бәріміз аман болайық, ауырып жатқандарға Алла күш-қуат беріп, мына індеттен құтылып, мереке күндерде бас қосайық, достар», - деп жазды Толқын Забирова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары