Қазақ эстрадасына опералық музыканы әкелген әнші Толқын Забирова коронавирусты екінші рет жұқтырып алғанын айтты деп жазды azattyq-ruhy.kz
«Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес деп жүріп... Антидене арқасында жеңілірек өтіп жатыр. Тек жасы 74-тегі анама ауыр болып тұр», - деп жазды әнші.
Сондай-ақ танымал әнші уақытында вакцина алған дұрыс екенін атап өтті.
«Дер кезінде прививка алған дұрыс екен. Бір-ақ үлкендерге жасатуға боларма екен? Бәріміз аман болайық, ауырып жатқандарға Алла күш-қуат беріп, мына індеттен құтылып, мереке күндерде бас қосайық, достар», - деп жазды Толқын Забирова.