$ 448.15  483.46  4.86

Скриптонит коронавирус жұқтырды

Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында жазды.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Скриптонит деген атпен танымал қазақстандық рэпер Әділ Жәлелов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Коронавирус инфекциясын (COVID-19) жұқтыруыма байланысты 36 Summer Jam 27 маусымға шегерілді. Қолайсыздық үшін кешірім сұрап, түсінесіздер деп үміттенеміз", - деп жазды Скриптонит Instagram-да.

Әншінің тыңдармандары тезірек сауығып кетуін тіледі. 

Наурызда Скриптонит "Свистки и бумажки" альбомын шығарған болатын. Кейін ол ағылшын тілінде альбом дайындап жатқаны хабарланған. Мамырдың соңында қазақстандық рэпер "Будьте здоровы" атты әнін шығарған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары