Мәдениет & Шоубиз 28.06.2021 сағат 10:40

Өзіне бесінші перзентті сыйлаған жарын қуантқан Төреғали елді тәнті етті (ВИДЕО)

Ол аса әсерлі сәтімен Instagram парақшасында бөліскен.
Өзіне бесінші перзентті сыйлаған жарын қуантқан Төреғали елді тәнті етті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі жақында ғана бесінші перзентін дүниеге әкелген жарын қуантып қайтты. Өнер иесі гүл шоқтарымен арнайы перзентханаға барып, келіншегіне тосын сый жасаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышы қойнына сыймаған жұлдызды әке өміріндегі жаңалықтарымен желіде белсенді түрде бөлісе бастады. Соңғы кезде қаладан қалаға сапармен ұшып жүрген әнші өзіне бесінші перзентті сыйлаған келіншегін де қуантуға уақыт тапқан.

Төреғали арнайы перзентханаға барып, жары Толқынның қалын біліп қайтқан. Өнер иесі ұл баланы дүниеге әкелген әйеліне үлкен гүл шоқтарын тарту етті. Ол аса әсерлі сәтімен Instagram парақшасында бөліскен. Желі қолданушылары көпбалалы ата-ананы шын жүректен құттықтап, өз ақ тілектерін жолдады.

"Үлкен азамат болсын", "Жарайсың Төреш, қызу жұмыс кезінде отбасыңа да уақыт тауыпсың", "Әкесі секілді елге сыйлы азамат болып өссін", "Бастысы аман әрі дені сау болсын", "Керемет жұп", "Нағыз үлгі алар отбасы", "Бақытты болыңдар. Балаларың көп болсын", "Бұл баламен тоқтап қалмай, тағы да балалы болыңыздар", - деп жазуда көпшілік. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар