$ 448.15  483.46  4.86

Белгілі вайнер Zheka-ның апатқа ұшыраған ВИДЕОСЫ пайда болды

Жеңіс Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып келгенін және досынан оны әуежайда күтіп алуын сұрағанын айтты.

Zheka Fatbelly деген лақапатпен танымал қазақстандық белгілі вайнер Жеңіс Омаровтың көлігі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жеңіс Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып келгенін және досынан оны әуежайда күтіп алуын сұрағанын айтты.

"Алматыға ұшып келгенімде мені тосын сый күтіп тұрыпты. Алғаш алған көлігім Camry 55 болатын, оны жүргізушім жап-жаңа кезінде соғып тастады. Сол кезде де басқа қаладан ұшып келген едім. Жүргізуші маған келе жатып ЖКО-ға тап болғанын білдім. Сол кезде менде қиын кезең болған еді. Ол Camry-дың соғылуымен аяқталды. Енді мұндай жағдай қайталанып тұратынын түсіндім. Кеше досымның әуежайға келіп, мені алып кетуін күтіп отырғанмын. Оған қоңырау шалғанымда қатты айғайлаған дауысын естідім. Құдайға шүкір, ол тірі және бәрі жақсы. Бұл жаңа кезеңнің бастауы", - деп бөлісті Zheka Fatbelly парақшасында.

Полиция мәліметі бойынша, 2021 жылдың 6 шілдесінде сағат 12.00 шамасында Mercedes-Benz көлігінің тізгініндегі жүргізуші Сүйінбай даңғылының бойымен солтүстік бағытта келе жатып, көлікті басқара алмай бетон тірекке соқтығысқан.

"ЖКО нәтижесінде көлік механикалық зақым алды. Жүргізуші тексеріліп, босатылды, зардап шеккендер жоқ. Материал Түрксіб аудандық ПБ-ға тіркелді", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Айта кетейік, Жеңіс Омаров бірнеше ай ішінде 20 келі салмақ тастағаннан кейін бәске тігілген көлікті досынан алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары