Jaidarman қозғалысының басшысы, тележүргізуші Есен Елеукен алғаш рет жұбайы мен қызы жайлы айтты. Ол не себепті жанұясын ел көзінен тасада ұстайтынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz Тимур Балымбетовтың Er-Batyr жобасына сілтеме жасап хабарлайды.
Есен Елеукен жеке өмірі жария еткісі келмейтін медиа тұлғалардың қатарында. Тележүргізушінің жұбайы да ел алдына шығуды қаламайды екен. Алайда бұл жолы Елеукен Евгения есімді жұбайы туралы жан сырын ақтарды.
"Ол кісі де өнердің адамы. Киім тігу, жалпы дизайнмен айналысады. Өзінің әлемі бар. Есімі - Евгения. Есімінің де тарихы бар, негізі қазақ. Өз ісі бар, ең бастысы, менің жұмысыма кедергі келтірмейді. Қолдап, өзінің бағасын беріп отырады", - дейді Есен Елеукен.
Есен Елеукеннің жақын досы, есімін атамауды жөн көрген әріптесі оның жұбайы жайлы:
"Өте заманауи, екі тілде судай және ер адамды алға жетелейтін тұлға", - деген екен. Тележүргізуші бұл пікірмен толық келісетінін жеткізді. - Ал Евгения сізді қандай қасиетімен баурап алды? - деген сұраққа Елеукен:
"Шынайы, өтірік күлкісі жоқ. Бізде де түсінбестік болды. Бірақ мені әрдайым қолдайды. Мен де оның жұмысын қолдаймын. Үлкен пайда табу емес мақсат. Бастысы жан дүниесі не қалайды, соны жасайды. Ортақ әңгімелеріміз бар.
Кейде жолдас балаларды көресің, әңгімесіне әйелдері араласып жатады. Ондайды түсінбеймін және ондай отбасыларды аяп кетемін, әрқайсысының өз орны болу керек және бір-біріне кедергі жасамау керек", - дейді Есен Елеукен.
Сүйген қызын өмірлік жар етіп алған тележүргізуші бүгінде бұл некеден бір қызды болып отыр.
"Қызымды кішкентай кезінен бүкіл отбасым еркелетті. "Папасының патшасы" дейді. Қазір 9 бітірді. Әлеуметтік желіде отыруды аса қатты жақсы көрмейді.
Өзінік түсініктері бар. Екеуі де әлеуметтік желіге шығуды қаламайды, мен де қаламаймын. Елдің алдында жүргеннен кейін кейде амал жоқ бір дүниелер жазып қоюға тура келеді", - деп ағынан жарылды тележүргізуші.