$ 447.4  477.55  4.76

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев қоғам белсендісімен соттаспайтын болды

Майғазиев Дүйсебаеваның кешірім сұрағанына мұқтаж емес екенін, өзі туралы бейнежазбаны алып тастамаса да, кешіргенін және қылмыстық іс бойынша арызын қайтып алғанын айтты.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Сәкен Майғазиев тіркелмеген "Қазақстанның демократиялық партиясының" белсендісі Аружан Дүйсебаевамен соттаспайды, деп хабарлайды ЭК. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында бейнежазба жариялады.

Онда Майғазиев Дүйсебаеваның кешірім сұрағанына мұқтаж емес екенін, өзі туралы бейнежазбаны алып тастамаса да, кешіргенін және қылмыстық іс бойынша арызын қайтып алғанын айтты.

Мәселенің бәрі Наурызға келіп тіреліп тұр. Бұл жүйе-жүйесімен заңды түрде жұмсалды. Есебін мердігерлерден алдым. Оны құзырлы органдар қаржылық бақылау комитеті мен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тексеріп шыққан, - деді Сәкен Майғазиев Instagram-дағы парақшасында.

13 шілде күні Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы, әнші Сәкен азаматтық белсенді Аружан Дүйсебаеваны сотқа берген болатын. Әнші шағымында Аружанның екі бейнежазбадағы төрт сөйлеміне наразы екенін айтты. Ол "Мемлекет тарапынан бөлінген 565 миллион теңгені жоқ қылды", "жемқорлыққа бару халыққа жасаған опасыздық", "жемқор" деген сөздер "ар-намысыма тиіп, қорлады" деген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары