Ақтаулық әнші Ислам Музаев іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, «Шекарасыз ән» халықаралық фестивалінің гала-концертінде өнер көрсетті.
Айта кетейік, Астанада 30 тамыз күні Конституция күні мен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Шекарасыз ән» халықаралық фестивалінің гала-концерті өтті.
- Ағымдағы жылдың мамыр айында мен аталған байқауға қатысуға өтінім бердім. Ары қарай іріктеу болып, одан сәтті өттім және мені соңында гала-концертке шақырды. Концерттің өзі Астанадағы «Қазақстан орталық концерт залында өтті. Мен «Қазақстан және менің Шешенстаным» деген әнді орындадым. Шынымды айтсам, мен фестивальдің финалдық кезеңіне өтетінімді алдын ала білгендеймін, өйткені, Абай атындағы мәдениет үйінде өткен іріктеу концертінен кейін жұрт мені түрлі байқауларға шақыра бастады. Ал, өзімнің жеке концертіме келген жұрттың қарасы көп болғанын көргенде бұл салада жайдан-жай жүрмегенімді түсіндім. Менің репертуарымда 150-ден астам ән бар, оның 15-ын өзім жазғам. Негізінен махаббат туралы әндер айтамын. Өзімнің жеке концертімді Қазақстанның барлық облыс орталықтарында беріп шықтым. Мен мұны ақша немесе атақ үшін жасамаймын, ән айту маған рухани азық береді. Оның үстіне, еңбегіңнің бағаланғанын көргенде көңілде қандай қуаныш болатынын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, - дейді Ислам Музаев.
Айта кетейік, «Шекарасыз ән» фестивалінің финалына Қазақстаннан 14 орындаушы шыққан. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі олардың бәріне диплом мен бағалы сыйлықтар табыстады.