04.09.2021, 15:50

«Сенің де жай ғана жолың болды». Айсұлтан Сейітов Канье Уэстке клип түсіріп жүр

Фото: ашық дереккөз
24 жастағы Айсұлтан Сейітов жаңа бейнебаян түсіруге білек сыбана кіріскен.

АҚШ-тағы атақты рэпер, миллиардер, продюсер әрі композитор Канье Уэст қазақ режиссерін «Donda» атты жобасына шақырған, деп хабарлайды ЭК.

24 жастағы Айсұлтан Сейітов жаңа бейнебаян түсіруге білек сыбана кіріскен. Жастығына қарамастан, ол қазіргі замандағы талантты режиссерлердің бірі.

Айсұлтан өзінің Instagram аккаутында клиптің анонсын жариялап, жобаға қатысқанына қуанышты екенін жазды. Қазір түсірілім тобы рэпердің туған қаласы Джорджия штатындағы Атланта қаласында жұмыс істеп жатыр.

DONDA ROOM. Осы жобаның бір бөлшегі болғаныма қатты қуанамын. Шақырғандарыңызға рақмет, - деп жазған Айсұлтан.

Ал, режиссердің көрермендері болса, оны жаңа жобасымен құттықтап, әзіл-шыны аралас пікір жазған. Көпшілік Грэмми жүлдесін алған Иманбектің «жай ғана жолы болды» деген Роза Рымбаеваның сөзін еске алып, «Айсұлтан, сенің де жай ғана жолың болды», «Керек жерге керек уақытында дәл барғансың ғой" деп әзілдеп жатыр.

Американдық рэпердің «Donda» атты альбомы бір тәуілік ішінде 152 елдің арасында бірінші орынға шыққанын айта кету керек.