Белгілі әнші Сәкен Майғазиев өзінің Шымкенттегі лауазымды қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Express Qazaqstan. Бұл жайында әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
Ол «Шымкенттіктер Сәкенді сыйғызбады», «Өз жерлестері өзекке тепті» деген қаңқу сөздердің негізсіз екенін жеткізді. Лауазымды қызметтен ешкім қумағанын, жұмысты адал атқарғанын жеткізді.
Мені ешкім шығарып жіберген жоқ. Мен ешкімнен қорқып, қашып кеткен жоқпын. «МузАРТ» тобының 20 жылдығына, «Қазақстан дауысына» тәлімгерлікке шақырған соң өз еркіммен өтініш жаздым, — деді Сәкен Майғазиев.