$ 494.87  520.65  4.91

«Қызық сезімде болдым»: Жас босанған Тамара Асар көпшіліктен кеңес сұрады

Тамара Асар жаңа туған сәбиімен түскен суретін жариялады. Жуырда ғана босанған ана көпшіліктен кеңес сұрап, әсерлі жазба қалдырды.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Тамара Асар жаңа туған сәбиімен түскен суретін жариялады. Жуырда ғана босанған ана көпшіліктен кеңес сұрап, әсерлі жазба қалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Менің бұрыннан тамаққа тәбетім төмен, қазір баламен үйде отырғасын, тіпті төмендеп кеткесін, біз бүгін бірінші рет далаға таза ауаға шықтық. Жан-жағыма алақтап, орманда келе жатқан адам сияқты қызық сезімде болдым. Қалың киініп алып, қорбаңдап, терлеп әлек болдым. Ажар үйден шыққаннан пысылдап ұйықтаған күйі, үйге қайта кіргенше ұйықтады. Қамбар мәз. Папасы мәз. Дәрігерлердің айтуынша, жас босанған әйел үшін де, сәбиі үшін де босана салып, далаға шығу дұрыс әрі пайдалы дейді. Ал сіздің ойыңызша қалай, далаға қырық күнді толтырып шыққан дұрыс па?", - деп жазды әнші. 

"Қазақтың ырымы бойынша, 40 күнді сақтаған жөн, ана үшін де, бала үшін де, сөзден, сұқ көзден абай болғаны дұрыс", "Жылы киініп, баланы да жылы киіндіріп, 5 минуттан есік алдына шығу керек. Оған ешкім анда-мында бар демейді. Үйде отыра берсе, иммунитет түсіп кетеді", "Иә, таза ауаға шығудың еш сөкеттігі жоқ. Қайта пайдалы", "Сәбиіңіз аман болсын", - деп жазды оның сауалын жауапсыз қалдырмаған оқырмандары. 

Еске салсақ, отандық кәсіпкерге тұрмысқа шыққан Тамара Асар 2 қыркүйек күні қыз баланы дүниеге әкелді. Сәбиінің есімін әнші Ажар деп қойған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары