$ 494.87  520.65  4.91

Отбасын құрған «Қалаулымдық» Ислам мен Шынар дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)

Екі жастың қуанышына танымал тележүргізуші Анна Данченко мен журналист, "Қалаулым" жобасының бас редакторы Шах-Керім Кәрменов ортақтасты.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Осыдан 4 жыл бұрын "Қалаулымда" табысып, айырылысып кеткен жұп Ислам Алтайбаев пен Шынар Меджанова отау тікті. Күні кеше екі жастың үйлену тойы Алматыда дүркіреп өтті, деп хабарлайды Stan.kz.

Ислам мен Шынар араға бірнеше жыл салып, "Бір болайық" жобасында қайта табысты. Сөйтіп үйлену туралы шешім қабылдады. 

Жақында Шынардың ұзату тойы эфирде, артынан өзінің туған өңірі - Семей қаласында өтті. Ал кеше, 15 қыркүйек күні Алматыда үлкен той тойланды. 

Тойда қалыңдық екі көйлек ауыстырды. Ал Ислам сүйіктісіне бірнеше ән арнады. 

Екі жастың қуанышына танымал тележүргізуші Анна Данченко мен журналист, "Қалаулым" жобасының бас редакторы Шах-Керім Кәрменов ортақтасты. 

"18 миллион халықтың алдында танысып, арты осындай үлкен тойға ұласып отырған Қазақстандағы ең алғашқы жұп", - деп атап өтті Кәрменов сөз сөйлеу барысында

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#той #Қалаулым