$ 446.49  475.38  4.79

«Аяқтарыңды жуып жүріңдер»: Ерке Есмахан мен AZ желіні жарды (ВИДЕО)

Бірі AZ бұл әрекетімен Еркеге деген сыйластығы жоқ екенін көрсетті деп жазды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев желіде жаңа видеоларымен бөлісіп, қалың көпшіліктің қызу талқысына тап болды. Желі қолданушылары қос ғашықтың бейнежазбасына қатысты екі түрлі пікір білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азамат Зенкаев соңғы уақытта әлеуметтік желілерде асқан белсенділік танытып жүр. Алдымен шығармашылығымен қуанта бастаған әнші енді жеке өмірінің үзінділерімен де ашық түрде бөлісуде.

Бұл жолы өнер иесі сүйіктісі

Ерке Есмаханмен ерекше видео жариялап, барша жанкүйерлерін бір күлдіртіп алды. Бейнежазбада ол ғашығының артынан жүгіріп бара жатып, оның аяқ киімін иіскейді. Зенкаевқа арудың аяғының иісі ұнамай қалып, ол қолын сілтей салып кетіп қалады.

Желі қолданушылары бұл видеоны бірден қызу талқылап, оған қатысты өз пікірлерімен бөлісті. Бірі AZ бұл әрекетімен Еркеге деген сыйластығы жоқ екенін көрсетті деп жазса, енді бірі ғашықтардың бейнежазбасын әзіл ретінде қабылдаған. 

"Мына видеомен бәрін өзі көрсетіп тұр. Ол Еркені мүлдем сыйламайды. Тек қана танымалдылығы үшін ғана жүр", "Бұл бір керемет әзіл болды. Тоқтамай күліп алдым", "Қыздар сол үшін аяқтарыңды жуып жүріңдер", "Азамат бұл әзілің өтті", - деп жазуда көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары