$ 494.87  520.65  4.91

Әсел Асқар гендер-пати жасап, баласының жынысын жария етті (ВИДЕО)

Жалғызбасты ана бұл қуанышты жағдайда жолдасы болады деп ойлаған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Отандық танымал блогер әрі актриса Әсел Асқар құрсағындағы баласының жынысын қалың көпшілікке жария етті. Желі жұлдызы ол үшін арнайы гендер-пати жасаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Асқар болашақ сәбиінің жынысын Instagram желісі арқылы жариялады. Өнер иесі өзінің парақшасында арнайы видеомен бөліскен. Онда актриса қара түсті шарды жарып жатқаны көрініс тапты. Нәтижесінде шар ішінен көк түсті жылтырақтар шықты.

Бұл дегеніміз блогер арудың жақында тағы да ұлды болатынын білдіреді. Ол бұл баласының жынысын анықтау сәтін мүлдем басқалай елестеткенін жасырмады. Жалғызбасты ана бұл қуанышты жағдайда жолдасы болады деп ойлаған. Алайда, арада орын алған келіспеушіліктер кесірінен Әсел гендер-патиді өзі ғана өткізгенін алға тартты.

Оған қоса, актриса құрсағында ұл бала жатқанын сезген болып шықты. Сонымен қатар, жаса ана перзентіне есім де таңдап қойыпты. Алайда, оны әзірге жарияламайтынын жеткізді. 

"Мен сені қатты күтіп жүрмін. Бірінші күндерден бастап осыны сездм. Ішімнен ер адамның энергетикасын сездім. Мен бұны түсіндіре алмаймын. Білдім, болды. Бұл сәтті мүлдем басқалай елестететінмін. Қасымда бұл қуанышты жағдайдың бір себепкері болуы тиіс еді. Бірақ, олай болмады. Алланың қалауы сол болған шығар. Онсыз да көңілшек болып жүрмін. Ал мына жерде тіптен көз жасымды тыя алмай жылап қалдым.

Бір жағынан өкпелімін, бір жағынан қуаныштан көкке секіргім келіп тұр. Барлық сезім атаулысын өткердім. Бәрінен тек жақсыны көріп, бұл тәжірибені тек алғыспен өткізу керек. Мен үшін қуаныңыздаршы. Мен екінші ұл баланың анасы болатыныма аса қуаныштымын. Алла тағала маған тағы бір батырды нәсіп етсе, демек мені мықты әйел деп санап тұрғаны. Мен балама есім де ойлап қойдым. Ол нағыз ер азаматтың аты. Ұлым мені ьаңдағаның үшін рахмет", - деп жазды Әсел. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары